Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпектіде тұрғын үй салынуда

Көкпекті ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына үй тұрғызып, көмек қолын созып жүрген кәсіпкерлер де аз емес

Ағымдағы жылы "Көкпекті Жолдары" ЖШС басшысы Гүлназ Құдайбергенқызы ауыл тұрғындарына жаңа саябақ сыйлады. Жаңа саябақ өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан әкесі Құдайберген Нұрғалиевтің есімімен аталды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, әке жолын қуған Гүлназ Нұрғалиева туған елінен көмегін аяған емес. Оның игі бастамаларының бірі Көкпекті орта мектебінің жанынан екі пәтерлі 4 үй салу болды. 
- Бір пәтердің ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Пәтер үш бөлмеден тұрады. Пәтерлер толығымен заманауи бағытқа сай жасалған. Үйлерді салуға тоғыз жұмыс тобы, 35-ке жуық жергілікті тұрғындар тартылды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары да кәсіптенді. Құрылыс 25 тамызда басталып, 1 желтоқсанда аяқталады. Қазір барлық үйлерге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Безендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, пәтерлерді мемлекет сатып алады. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған мұқтаж жандарға берілетін болады. Дегенмен баспана бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріледі, - дейді Гүлназ Құдайбергенқызы.
Аудан әкімі өңірдің кешенді дамуында кәсіпкерлердің де қолдауы керек екендігін ашып айтты. 
- Ауданымыздың көркюіне жергілікті кәсіпкерлер де үлестерін қосып жатыр. Әлемнің озық дамыған елдерінің тәжірибесінде дәлелденгендей, әлеуметтік мәселелерді мемлекет қана шешпейді. Коммерциялық сектор да осы процеске белсенді қатысуы керек. Өйткені қоғамның әл-ауқаты, елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі, әрбір азаматтық институттың жауапкершілігіне байланысты. Мұндай ынтымақтастықтың басты шарты -әлеуметтік жауапты бизнесті қолдау. Кәсіпкерлердің ынта-жігерінің арқасында ауданымыз гүлденіп, көркейе бермек, - дейді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.

Следующая →