Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да орман өрті өршіп тұр

Өскеменде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің басшылығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның онлайн-отырысы өтті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, өңірде 217 орман өрті тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50,7%-ға артып отыр. Осының салдарынан 4699,01 гектар орман алқабы өртеніп кетті. Сондай-ақ, облыс аумағында 7 дала өрті тіркелген.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент жалпы саны 432 адамнан тұратын азаматтық қорғау, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың арасынан 70 бірлескен мобильді топ құрды. Мобильді топтар 601 рейд жүргізген.

Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 135 жағдай анықталды.

Онлайн-кездесудің екінші тақырыбы - өңірдің қыс мезгіліне дайындығы болды. Өңірде жыл сайын қалың қар мен көктайғаққа байланысты жолдарда қолайсыз жағдай туындайды.

Мәселен, өткен жылдың қыс мезгілінде облыстық маңызы бар жолдар 273 рет жабылған. 275 адам қар құрсауынан құтқарылып, 1168 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдай кезінде жеке құрамнан 2273 адам мен 1100 техника жұмылдырылған.
Следующая →