ШҚО-да "қыз ұзатқандар" жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында карантин кезінде "Қыз ұзату" тойын жасағандар жауапқа тартылды
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, той үйде өткен. Салтанатты жиынға санитарлық норманы сақтау керек деген тыйымды ысырып қойып, 50 адам жиналыпты.
Следующая →
- Карантин талаптарын бұзғаны үшін үй иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді шешім қабылдануы үшін жиналған материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберіледі, - деді Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.Айта кетейік, аймақ көлемінде полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарынан жасақталған 128 мониторингтік топ жұмыс істейді.