Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ауызсу тарту бойынша 139 жоба жүзеге асырылуда

ШҚО-да биыл ауылдарды ауызсумен қамту бағытында 139 жоба жүзеге асырылуда

Аталған жобаның 92-сі желтоқсан айының соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, 20 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Жалпы, өңір халқының 90,5%-ы, 683 елді мекеннің 462-сі бүгінде орталықтандырылған таза ауыз суға қосылған. Жаңа жылға дейін 7 мыңға жуық халық тұратын 51 елді мекендерде блокты-модульді станциялар орнатылады. Қазіргі уақытта жоспарланған 585 шақырым құбыр желілерінің 476-сы тартылды.
- Облыстағы барлық ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл алдағы үш жылға қойылған басты міндеттің бірі. Сондықтан, жоспарланған жобалардың барлығы өз мерзімінде орындалуы тиіс, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Айта кетейік, сумен қамтылу деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен төмен алты аудан үшін жалпы құны 13 млрд теңгеге қосымша 28 жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Келер жылы 126 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Следующая →