Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да шектеу шараларын 25 қарашаға дейін ұзартты

Аймақтың бас санитар дәрігердің м.а. Гүлайым Тағаеваның бекіткен №24 жаңа Қаулысы шықты

Қаулыда шығыс өңірі бойынша карантиндік шектеу мерзімі 11-қарашадан 25-қарашаға дейін ұзартылады деп бекітілген.

Өскемен және Риддер қаласында қоғамдық тәптіпті бақылау жұмысы жалғасады. Жеке және жалға берілетін үйлерде той-томалақ, отырыс жиындарды өткізуге тыйым салынады. Жасы 65-тен асқан кәрі кісілер мен әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін қарияларға азық-түлік, дәрі-дәрмек, т.б. заттарды жеткізіп беретін еріктілер қызметі де тоқтамайды

Қоғамдық орындарда дезинфекция және ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілуі де талап етіледі.

Өскемен, Курчатов, Абай ауданы, Бородулиха ауданы, Бесқарағай ауданы, Зайсан ауданы, Үржар ауданы, Шемонайха ауданы әкімдері 15 санитарлық бекеттегі жұмыстарын жалғастыруға тиіс.

Өскемен қаласына кіруге, шығуға жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардан басқа жеке тұлғаларға тыйым салынады. Облыс көлемінде бір ауданнан екінші ауданға өту қозғалысы шектелмейді. Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Белоусовка ауылына, Ушанов, Опытное поле ауылдарына қатынайтын автобустардан басқа барлық қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына, автобекет жұмысына тыйым салынды.

Қала ішіндегі қоғамдық автобустар таңғы 6-дан түнгі 11-ге дейін жүруге міндеттелді. Бетперде тағу режимі бұрынғы күшінде қалады.

Следующая →