Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да екі браконьерден Қызыл кітапқа енгізілген құстар тәркіленді

Өскемен қаласының екі тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген құстарды аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

Қылмыс "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шара аясында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы және ШҚО бойынша ҰҚКД-і қызметкерлерінің бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды.
 
Тергеу кезінде "Ителгі" тұқымды екі сирек кездесетін құс ШҚО Тарбағатай ауданы аумағында ауланғаны белгілі болды. Күдіктілерді ұстау барысында сирек кездесетін құстармен қатар, аулауға арналған торы бар металдан жасалған құралды да тәркіледі.

- 37 және 43 жастағы екі тұлғаға  қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлімімен (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) тергеп-тексеру әрекеттері басталды, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Тағы құстарды зиянкестердің өздерінде қандай мақсатпен ұстағанын тәртіп сақшылары анықтауда.
 
ШҚО полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарлар түрлерімен заңсыз айналысуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Следующая →