Семейдегі кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрап отыр
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев бизнесмендермен кездесті
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда ШҚО коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа енген.
Бизнес өкілдерін тыңдаған Талғат Тұңғышбаев шектеу шараларының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға орай қабылданып, азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталғанын мәлімдеді. Кәсіпкерлердің ұсыныстары 7 қарашаға дейін қарастырылады. Егер эпиджағдай жақсарса, шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданады.
Следующая →
- Сауда нысандарының аумағы, залдардың толтырылуына қатысты шектеулер мен қысқартылған жұмыс уақытын алып тастауды сұраймыз. Біздің ойымызша, жұмыс уақытын 17.00, 20.00 немесе 22.00-ге дейін қысқарту керісінше адамдардың көптеп жиылуына соқтырады. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймыз, - деп мәлімдеді кездесу кезінде кәсіпкерлер.
Бизнес өкілдерін тыңдаған Талғат Тұңғышбаев шектеу шараларының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға орай қабылданып, азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталғанын мәлімдеді. Кәсіпкерлердің ұсыныстары 7 қарашаға дейін қарастырылады. Егер эпиджағдай жақсарса, шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданады.
Тақырыптар:
Ермак Салимов Департамента по контролю качества и безопасности товаров и услуг ВКО Талгат Тунгышбаев Коронавирус в ВКО