Бүгін түнде Өскеменде ер адам өрт ішінде көз жұмды
Оқыс жағдай Ахмер кентіндегі Коммуналды көшесі бойындағы екі қабатты жер үйде орын алды
Қонақ бөлмедегі жиһаз, түсқағаз, төбенің сәндік жасаулары, жеке заттар мен тұрмыстық техника жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы – 15 шаршы метр.
Следующая →
- Өрт сөндірушілер бөлме ішіндегі диван маңында еденде жатқан 1985 жылғы ер адамның күйген денесін анықтады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрттің шығуына өшірілмеген темекі шоғының киім мен диванға тиюі себеп болған. Марқұмның қарындасының айтуынша, ер адам сол күні алкогольдік ішімдікке мас болған.