Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Самарда сауда дүңгіршектері салынуда

Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылындағы Абай алаңында жәрмеңке өткізілетін сауда дүңгіршектері салынуда

Бұған дейін сенбілік жәрмеңке тек орталық базардың жанында болатын. Жел соққан күндері азық-түлік өнімдерін шаң-тозаң басса, жауын-шашынды күндері сатушылар мен тұтынушылар батпақ кешетін. Осыған орай ауыл әкімдігі жәрмеңке орнын былтыр ғана ашылған Абай алаңына ауыстырды. 
- Бүгінде ауылдың әлеуметтік дамуына айрықша көңіл бөліп келеміз. Соның нәтижесінде ауылда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Осы мақсатта ауыл орталығында жәрмеңке өткізетін сауда дүңгіршектері жасалынуда. Дүңгіршектің ені 3 метр, ұзындығы да 3 метр. Айналасы мен төбесін жабамыз. Осыған дейін жәрмеңке өткізетін күндері арнайы шатырлар тігетін едік. Шатырлардың да әбден тозығы жетті. Жаңа дүңгіршектер Абай алаңында орналасқандықтан айналасының бәрі таза. Сауда жасауға қолайлы. Арнайы көлік тұрағы да бар. Сонымен қоса, қазіргі елдегі төтенше жағдайға байланысты дезинфекциялық жұмыстарын да жүргізіп отырамыз. Нысан таяуда пайдалануға беріледі, - дейді Самар ауылының әкімі Ахмет Кудербаев.
Следующая →