ШҚО-ға жартты тоннадай балықты заңсыз алып кірмек болған
19 қазан күні 18.00 шамасында "Браконьер" ЖААШ кезінде полиция қызметкерлері Күршім ауылында заңбұзушыны қолға түсірді
37 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны 504 келі шортанды ГАЗ-33021 маркалы көлігімен алып бара жатқан.
Жағдайдың анық-қанығын білу үшін жүргізуші полиция бөлімшесіне жеткізілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл факті ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу істері тізіліміне енгізілді.
Следующая →
- Көліктің жүк салғышын тінту кезінде тасымалдауға ешқандай рұқсат құдаты жоқ шортан балығы бары анықталды. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 504 келі. Мемлекетке келтірілген шығын 2,7 млн теңге, - дейді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.