Шығысқазақстандықтар ЖРВИ және тұмаумен аз ауыра бастады
Бұл фактіні ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында атап өтті
Оның айтуынша, биыл ЖРВИ және тұмау жағдайларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,3 есе аз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Бұл жерде біз уақытында жүргізген вакцинация үлкен рөл атқарды. Шамамен 100%-ға екпе жасалды, - дейді Ерлан Қиясов. - Сонымен қатар, төмендеу себебі - маска режимінің болуы және ұжымдардың азаюы, олардың арасында ЖРВИ және тұмау жиі тіркеледі. Бұл студенттер, оқушылар. Қазір олар қашықтықтан оқытылуда.