Бесқарағайдағы балалар балабақшамен толық қамтылды
Биыл Бесқарағай ауданында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100%-ға жетті
Бесқарағай ауданының Мостик ауылының орта мектебінен 15 балаға арналған шағын орталық ашылды. Онда 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар барады.
Следующая →
- Бұған дейін Қара Мырза мен Беген ауылында осындай шағын топ ашылған болатын. Тағы да жоспар бойынша Долон мектебінде осындай шағын орталық және Глуховка ауылындағы "Алтынай" балабақшасына 16 балаға арналған жаңа топ ашылмақ. Биыл барлығы 76 бала мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа орындармен қамтамасыз етіледі, - дейді Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Байбеков.Айта кетейік, Бесқарағайда былтыр бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 95% болса, биыл ол 100%-ға жетті.
Тақырыптар:
15 балаға арналған шағын орталық ашылды