ШҚО аумағында той жасау үшін үй жалдауға рұқсат жоқ
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің алдыңғы қаулысына енгізілген түзетулерде айтылған
Яғни, Қаулыдағы бір тармақшада “корпоративтік, салтанатты, отбасылық және өзге де адам көп жиналатын жиындар өткізу үшін жер үйлер мен нысандарды жалға беруге тыйым салу“ деп көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңа құжатта 70 жастан асқандар және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін алғашқы қажеттіліктегі азық-түліктерді жеткізіп беру бойынша еріктілердің жұмысын жандандыру қажеттігі көрсетілген. Қауіпті санатқа жататындар жасы 65-тен 70-ке көтерілген.
Мемлекеттік органдарға азаматтарды қабылдау және қызметкерлердің қатысуымен жиын өткізуге тыйым салынды.
Қаулы уақыты аяқталғанша шығысқазақстандықтарға COVID-19 бойынша ахуал нашар елдерге баруға болмайды. Тек медициналық анықтамамен ғана өтуге болады.
Следующая →