Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұғылдықтарға уәде беруден жалықпайтын депутат жауапқа тартыла ма?

Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылындағы ауыз су мәселесі жыр болғалы жарты жылға жуықтап қалыпты. Мәселе әлі де шешімін таппады

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында бұл мәселе тағы да қаралды. Бақылау комиссиясымен онлайн-байланысқа Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов пен ауылды сумен қамтамасыз еткен мердігер Қайрат Нәбиев шықты.

Өзі Зайсан көлінің жағасында орналасса да суға жарымай отырған бұл ауылға 2018 жылы "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізген - "ПМК Құрылыс" ЖШС. Құбыр тартылып, халық үйіне су кіргізіп алған. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмай, үйге тартылған су әрі лай, әрі сыздықтап ағып, мазалары қашқан. Халық наразылығынан кейін биліктегілер бұл мәселеге назар аударып, бірнеше мәрте тексеріс жіберіп, мердігерге олқылықты жою бойынша талап та қойған. Алайда мердігер жұмысты сәуірден бері сиырқұймышықтап созып жүр. 
 - 31 құдықта баспалдақ орнатылмаған. 20 құдықтың бетіндегі бетон стяжкалары үгілген. 2 құдықтың люктары жоқ. Резервуардың блокты біріккен жерлерінен су кетіп жатыр (резервуарды ашып-жауып толық қалпына келтіру). Фильтрлі-сорғы қақпақтары, насостық ғимараттың төбесіндегі желдеткіш қақпақтары жоқ. Автоматика істен шыққан, - деп атап өтті бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.
Сонымен жиыны 18 279 832 теңгенің жұмыстары қайта жасалуы керек.
 
 Ал бұл жұмыстардың созылып кетуіне жұмыс күшінің жетіспеушілігі де себеп болса керек. Бақылау комиссиясының төрағасы атап өткендей, нысанда 2-3 адам ғана жүр. Мердігерге күн суытып, қар түсіп кетпей тұрғанда жұмысшылар санын көбейтіп, жұмысты 10 қарашаға дейін аяқтауды тапсырды. Ал аудан әкімі Асхат Сейдахметұлына жұмыстарды күнделікті қадағалап тұруға кеңес берді.
- Мәселе ушығып тұр. Тұғылдықтар астанаға барып арызданып, аштық жариялаймыз деп жатқан көрінеді. Қайрат Қасымұлы, отпен ойнамаңыз! - деп ескертті Мұхтар Төлеген.
Осы орайда айта кетейік, мердігер Қайрат Нәбиев - облыстық мәслихаттың депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі екен. Сол себепті партияластары депутаттың бұл ісін сынға алды.
- Қайрат Нәбиев мырза өзіміз сияқты қоғамға бақылау жүргізіп, кемшіліктердің алдын алуға тиіс адам екен. Алайда бұл жерде партия беделіне нұқсан келгендей. Әріптестеріме бұл кісіні партия мүшесі ретінде жауапкершілікке тартуды ұсынамын, - деді бақылау комиссиясының мүшесі Маржан Бахыт.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тұғыл Ауыз су