Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
interfax.kz

Назарбаев Жаңа еңбек кодексіне қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа еңбек кодексіне қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Усть-Каменогорск и ВКО / Назарбаев подписал новый Трудовой кодекс Казахстана
Фото:
cvritter.ru
Тұтастай алғанда, жаңа Еңбек кодексі еңбек қатынастары саласында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында мемлекеттік араласу шегін айқындауды, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін жіктеуді ұсынады.


Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс берушілер тарапынан олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізеді. 

Бұл ретте ең төменгі әлеуметтік стандарттар әрбір азаматтың еңбек бостандығын, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай еңбек жағдайын, еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз өтемақы алуын қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілер мен қызметкердің арақатынастары басым түрде ұжымдық келісімдер мен шарттар арқылы реттеу қағидаттарына негізделетін болады.


Жаңа Еңбек кодексі жобасы кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды, шетелдік инвесторлар тартуды белсендіре түспек. Бұдан басқа, мүгедектерді, жастарды, отбасылық міндеттері бар адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарын құруға ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар да қамтылады.


Жалпы, кодекс жобасында әлеуметтік қорғау, әділеттілік, екінші жағынан, экономикалық тиімділік арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті үйлестіруді сақтау көзделеді.
Следующая →