Өскеменде тағы бір жаңартылған жол ашылды
Енді автоәуесқойлар кептелістерден аулақ болып, понтон көпірінен Алматы трассасына тікелей шыға алады
"ДСУ-11" ЖШС мердігер ұйымының директоры Илья Елфимовтың айтуынша, Меновнойдан (Тоғас көшесімен қиылысу) Алматы тас жолына дейінгі жол учаскесінде жұмыстар сәуір айында басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмысшылар жолды төрт жолаққа дейін кеңейтті, бұрын ол екі жолақты болатын, ені үш метр болатын жаяужол төселді, аялдама павильондары, жарықтандыру орнатылды.
- Жолдың ұзындығы 4,2 шақырым, - деді Илья Васильевич. - Қазір жарықты қосу жұмыстары жүріп жатыр, бірақ жол қозғалысқа ашық.