ШҚО-дағы жасөспірімдер үйінен он жеті жастағы бойжеткен қашып кетті
Өскемендік полицейлер із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған баланы Катонқарағай ауданынан тапты
14 қазан күні түн ортасына қарай Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне Өскемен қаласының жасөспірімдер үйінің басшылығы хабарласып, тәрбиеленушінің жоғалғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың Катонқарағай ауданының Солоновка ауылына туыстарына барғанын анықтады. Тәртіп сақшылары қызды мекемеге қайтарды.
Қазір жасөспірімдер үйінің қызметкерлері мекеме тәрбиеленушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Следующая →
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың Катонқарағай ауданының Солоновка ауылына туыстарына барғанын анықтады. Тәртіп сақшылары қызды мекемеге қайтарды.
- Шәкіртақысын алып, бойжеткен өз еркімен жол-жөнекей көлікпен туыстарына кетті, - деп атап өтті "Жасөспірімдер үйі" ММ бастығының орынбасары Жанна Бошаева. - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және біздің мекеменің жарғысымен тәрбиеленушілердің қозғалысын шектеуге тыйым салынады. Сана мен жауапкершіліктің төмен болуына байланысты кейбір балалар ұялы телефонды өшіріп, туыстары мен достарына түнеуге кетеді.
Қазір жасөспірімдер үйінің қызметкерлері мекеме тәрбиеленушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.