Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауылдағы үйлерге газ исін сезетін дабыл қондырғысы орнатылуда

Төтенше жағдай әсіресе әлеуметтік әлсіз топқа жататын жандардың үйінде жиі орын алады

Күз келіп, күн суытқалы жер үйлер пеш жаға бастағаны анық. Қысқа уақыт ішінде иіс тиіп уланғандар саны да артып кетті.

Жақында ғана Глубокое ауданында қайғылы оқиға орын алып, екі қыз бала көз жұмды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Секисовка ауылында болған. 2005 және 2013 жылғы екі қыз әпкесінің үйінде болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сол үйде қонған олар пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кеткен.
- Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер балаларды тексергенде екеуінің мерт болғанына көз жеткізді, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 
Мамандар болған жағдайдың себебі - пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.

Одан кейін жақында Өскемен қаласындағы жер үйлердің бірінде де өрт шыққан. Онда әпкелі-сіңлілі мүгедек жандар тұрады екен. Өрт шыққандығы туралы ақпарат түсе салысымен жақын маңда жүрген "Қыран-36" экипажы жетіп, дереу тұрғындарды құтқаруға кіріскен.

Төтенше жағдай әсіресе әлеуметтік әлсіз топқа жататын жандардың үйінде жиі орын алады. Көбінесе ескі пеш, мұржасының уақтылы тазартылмауы, пеш немесе қайырмадағы жарықшақтардың бітелмеуі өрт шығуына немесе иіс газының таралуына себеп болады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстағы әр ауданның төтенше жағдайлар бойынша қызметкерлері иіс газын анықтайтын датчиктер орнатып берді.
- Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан әкімдігімен бірігіп, көпбалалы жанұялардың үйін аралап, 218 улы газды анықтау қондырғыларын орнатты, - деп мәлімдеді Ұлан ауданының әкімдігі.
Осы сынды мұқтаж жандардың әл-ауқатын көтеруге Катонқарағай ауданының төтенше жағдайлар қызметі де кірісті.
- Төтенше жағдайлар департаменті Катонқарағай аймағында соңғы
2 жылда әлеуметтік жағынан мұқтаж отбасылардың үйіне 254 көмірқышқыл газының датчиктерін орнатқан. Өңірде орнатылған бұл датчиктер құтқару қызметіне 26 рет дабыл беріп, соның көмегімен 26 жанұя құтқарылды. Ағымдағы жылдың 2 қазанында Катонқарағай аймағында төрт баланың көмірқышқыл газымен улану жағдайы тіркелді. Балалар Катонқарағай ауданының №2 облыстық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады Катонқарағай ауданының әкімдігі.
Алтай ауданының мектептері мен ауруханаларына, басқа да әлеуметтік нысандарына да өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізілмек.
- Ғимарат ішіне орнатылған арнайы дабыл құралдары өрт қызметімен тікелей байланыста болады, - дейді Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Өрт болған жағдайда шұғыл хабар береді. Мұндай автоматты жүйе жақын маңдағы құтқарушылардың жедел қимылға көшіп, өрт шалған нысанға тез жетуіне мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, нысандарды күндіз-түні күзетте ұстап, үздіксіз мониторинг жасап отырады. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жеке компания ұсынып отырған бұл жобаны қарастыру үстінде.

Следующая →