Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

13 қазан тарихта несімен есте қалды?

Бұл күн ел және шетел тарихында қандай айтулы оқиғаларымен есте қалғаны туралы мәліметтер дайындады

105 жыл бұрын (1915-1994) - режиссер, педагог, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВ  дүниеге келді. Алматы обылысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абай", Ш. Хұсайыновтың "Марабай", Әуезовтың "Сын сағатта" мен "Еңлік-Кебек", С. Мұқановтың "Жеңіс жыры", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", А.П. Штейннің "Намыс соты", Д. Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлар" спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды. Сонымен қатар, Г. Ибсеннің, А. Островскийдің, А. Чеховтың, А.Ф. Софроновтың, М. Горькийдің туындыларын аударды. Педагогикалық қызметпен де шұғылданып, 1939-1944 жылдары Алматыдағы театр училищесінде және Өнер институтында (қазіргі Алматы театр көркемсурет институты) дәріс беріп, 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі, 1975 жылдан профессоры болды.

97 жыл бұрын (1923) - Түркия астанасы Стамбұлдан Анкараға көшірілді.


15 жыл бұрын (2005) - Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды.

15 жыл бұрын (2005) - Семейде танымал сазгер Теміржан Базарбаевтың жаңа әндер жинағының таныстырылымы болды. Жинақ "Ауылым" деп аталады. Оған әр жылдарда өмірге келіп, ел ішінде кең тараған әндер мен романстар енгізілген. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер Теміржан Базарбаев - Семей саз училищесінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті. "Ауылым" жинағы 500 дана таралыммен шығарылды. Композитордың жаңа жинағының таныстырылымына жұртшылық өкілдері мен Семейдің мәдениет қызметкерлері қатысты.

11 жыл бұрын (2009) - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанаты шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Үлкен алтын" медаль тапсырылды.

10 жыл бұрын (2010) - Халықаралық шаңғы спорты қауымдастығының өткізетін жыл сайынғы сұрауының қорытындылары бойынша Құрлық кубогы өткен жаңа қазақстандық шаңғы трамплиндері кешені 2010 жылы әлемдегі ең үздік трамплин аталды. Жаңа спорт кешені Алматының ең әсем жерлерінің бірі - "Есентай" өзенінен батысқа қарай, әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Нысан екі трамплин, 5500 көрерменге арналған отыратын орындары бар заманауи ғимарат және кешеннің батыс баурайындағы 400 тұратын орынға арналған террасадан құрылған.

Следующая →
Тақырыптар: 13 қазан Тарих Әлем