Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Толассыз жауған жаңбыр Өскеменді тағы да суға батырды

Тұрғындар қала көшелерінде көліктерімен судағы қайықтай "жүзіп жүр", деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі

Өткен аптада "Қазгидромет" орталығы 9 қазанда Шығыс Қазақстанда бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілетіндігін хабарлаған. Алайда қолайсыз ауа райы өскемендіктерге тек жексенбі күні тап келді. Жаңбыр тоқтамай, ұзақ жауу салдарынан, қаланың көптеген көшелерінде кептелістер туды:  бір көшеден бір мезетте көліктер өте алмай қалды, жаяу жүргіншілер жолын да жаңбыр суы алып қалды. Кейбір көшелерде су ағатын кәріз жүйесі жоқ. Бар жерлерінің өзінде дұрыс ақпайды. Қала тұрғындары су басқан даңғылдар мен көшелердің сурет, бейнежазбаларын әлеуметтік желілергеге жариялап жатыр.

Ең алдымен, өскемендіктердің наразылығы Чехов көшесіне түсті. Маусым айының басында, Сағадат Нұрмағамбетов пен Максим Горький көшелерінің арасындағы жол учаскесінде орташа жөндеу жүргізілген. Жұмыс тез аяқталғандықтан қала тұрғындары нашар орындалған жұмыс нәтижесіне шағымдана бастаған. Ұлттық сапа орталығының сарапшылары заң бұзушылықтарды анықтап, тапсырыс беруші мен мердігер компанияға олқылықтарды жою туралы нұсқаулар берді. Өскемен қаласының әкімдігі мердігер ұзақ уақытқа созылған құрылысты өз есебінен ретке келтіруі керек екенін хабарлады. Бұл жерде жаңбырдан кейін көлшіктер пайда болғаннан кейін тас жолдың сапасыз салынғаны айқын болды.
- Қалада енді тек "жүзіп қана" қозғалуға болады, - дейді қала тұрғындарының бірі мысқылдап. - Облыс орталығының кейбір ықшам аудандарында мұндай су тасқыны жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жауыннан кейін Өскемен екінші Венецияға айналады. Билік бәрін жөндейміз, толтырамыз деп уәде береді, бірақ бұл жағдай жылда қайталанады. Жыл сайын тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін, Серікбаев көшесінің бойы мен Ровесник сауда орталығының маңы, Образцовая көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысы, Әуезов даңғылы, сондай-ақ Белинский көшесінің бойы көлге айналады.
Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту үшін жолақты айналып келу керек. Апат кез келген уақытта болуы мүмкін. Бірақ айта кету керек, Михаэлис көшесіндегі "Ромашка" дүкені маңындағы үлкен шалшық биыл жоғалып кетті. Себебі, 30-шы гвардиялық дивизия көшесінің аумағында екі сорғы қондырғысы орнатылды. Бұл жақта жағдай біршама орнықты. Облыс орталығының тұрғындары Виноградов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткеліне шағымдануды жалғастыруда. Тұрғындардың айтуынша, жаңбыр жауғаннан кейін оны жолдың бойында айналып өтуге тура келеді. Алматы көшесіндегі үйлердің ауласында да  үлкен шалшық көлдер пайда болды.

Өскемен қаласынының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аула аумағын күтіп ұстау, жаңбыр суын сорғызу немесе ағызу мәселесін тұрғындардың өздері мен олардың сайланбалы ортақ мүлікті басқару органдары шешетіндігін атап өтті.
Мыза көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды деуге болады. Мердігерлер Қазақстан көшесі мен Мыза-Буров көшесінің қиылысына дейін ұзындығы бір шақырымға асфальтбетон төседі. "Альшемали" сауда үйі алдындағы жол бес жолақты жолға айналды. Ал Мыза-Протозанов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен өту үшін, адамдар көлшіктердің үстінен секіруге мәжбүр, бұл оңай емес. Мыза-Қазақстан көшелерінің қиылысындағы "көлдерден" аттап өтудің өзі мүмкін емес. Қандай жедел және сапалы құрылыс жұмыстары туралы сөз қозғауға болады?!
- Мыза-Протозанов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі жасалады. Жұмысшылар нөсер сулары ағатын құдықты қайтадан орнатады. Оған су ағызу үшін құбыр жалғайды. Жұмыс жақын арада аяқталады, - деп уәде берді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде.
Следующая →