Фитнес орталықтардың бірінің бапкері есірткі саудасымен ұсталды
Допингтің ерекше түрін тауып алған, марихуана сатумен айналысатын жас жігті ауыр жаза күтіп тұр
Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қарасора" операциясы кезінде фитнес орталықтарының бірінде бапкерлікпен айналасып және ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген өскемендікті ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Жедел-іздестіру шараларының арқасында оның есірткі саудасына қатысы бар екенін анықтады. Ұстау кезінде күдіктіден 30-дан астам бір реттік марихуана тауары тәркіленді, - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыскер ИВС-ке орналастырылды. ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың жазасы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Айта кету керек, 2020 жылдың басынан бастап ШҚО Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты 170 қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде 141 есірткі саудасына қатысты. 222 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 3,7 килограмы психотроптық заттар.