Өскеменде бұзақының әрекеті үшін алты трамвай тұрып қалды
Күннің бірінші жартысында Үлбі көпірінің алдында бірнеше вагон бірінің артынан бірі тұрып қалған, жолаушылар жаяу кеткен
Анықталғандай, вагонның бірінде апаттық тежегіш іске қосылған. Өскемен қалалық Көлік компаниясындағылар айтқандай, жолаушылардың бірі "стоп кранның" қызыл тұтқасын тартып қалған.
Ұсталар тежегішті ашқаннан кейін трамвай ары қарай кетті.
Следующая →
- Трамвай жүргізушісі мамандарды шақыртты, - дейді Өскемен қалалық Көлік компаниясының директоры Михаил Чайка. - Тежегіш батырмасы шұғыл басылғандықтан бұғатталып қалған. Жүргізуші өз еркімен оны қалыпты жағдайға келтіре алмай қойған.
Ұсталар тежегішті ашқаннан кейін трамвай ары қарай кетті.
Тақырыптар:
Трамваи в Усть-Каменогорске Встали трамваи Хулиганская выходка "Стоп крана" в трамвае Транспортная компаня Усть-Каменогорска