Ұлан ауданында Төлеген Тоқтаровқа ескерткіш қойылады
Алдағы уақытта Ұлан ауданындағы Донское ауылына да Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың ескерткіші орнатылады деп жоспарлануда
Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
Следующая →
- Донское ауылына барып жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тохтаровтың 100 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру тобының кезекті отырысын өткіздік, - деп жазды Ұлан ауданының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Өкінішке орай, пандемияға байланысты көп шара өткізілмей қалды. Бірақ жұмыс тоқтатылған жоқ. Бүгін Төлеген Тохтаров атындағы орта мектебінің алдында батырымыздың мүсінін орналастыру жағдайын, іс-шаралардың қалай қашықтықтан жүргізілетінін талқыладық. Ол мүсінді белгілі мүсінші Иордан Василович жасайтын болды.Ал қолдау көрсетіп, негізгі шығындарды Донское ауылының тумасы, шаруа қожалығының басшысы, меценат Анатолий Барков көтеруге дайын екендігін жеткізді.
Устинка Live үздік жаңалықтарының сілтемесіне тіркел. Спамсыз
Тіркелгім келеді