ШҚО-да алты ата-ана құқығынан айырылды
1-4 қазан аралығында өңірде "Тұрмыс" жедел алдын алу шарасы өтті
ЖААШ мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алкогольдік ішімдікке мас күйінде жасалатын қылмыстың алдын алу және болдырмау. Тәртіп сақшылары осындай қылмысқа бейім жандар мен отбасыларды тексеріп қайтты.
ШҚО ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша, 17 адамға ішімдік ішуге тыйым салынса, құқықбұзушылық әрекеті үшін 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 96 адамды қорғау бойынша ұйғарым шығарылды.
Следующая →

- Қорғау туралы ұйғарымды бұзған 29 адам жауапқа тартылды. Ал сот бекіткен ерекше талаптарды бұзған 14 факті анықталды, - деп қосты мекемедегілер. - Тәрбие мен білім беру бойынша міндеттерін орындамаған 15 тұлға жауапқа тартылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 11 отбасын тіркеуге қойса, алты ата-ананы ата-аналық құқығынан айырды.