Өскемен қаласы бойынша 10 дауыс беру орны жұмысын бастады
Өскемен қаласында "Nur Otan" партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр, бүгін таңғы 8.00-ден бастап 10 дауыс беру орындары жұмысын бастады
Бұл орындардың 10 да онлайн режимде дауыс беріледі. Онлайн дауыс берілген 2 күннің ішінде Өскемен қаласы бойынша жалпы 6477 партия мүшесі (4 қазан, 11.00-дегі мәлімет) өз таңдауын жасап үлгерді.
Қазіргі таңда арнайы әзірленген орында дауыс беру жалғасуда. Қала жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Онлайн дауыс беру орындары компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы қалада праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.
Следующая →