Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады

3477 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл күні әскери бөлімнің құрметті ардагерлерін құттықтап қайтты

1 қазан - Халықаралық қарттар күні.  Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Қариясы бар ел - қазыналы ел демекші аталған мереке құрметіне орай 3477 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл күні әскери бөлімнің құрметті ардагерлерін құттықтап қайтты. 

- Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін әрдайым бөлек. Қадірменді ардагерлер! "Қарты бар ел – қазыналы ел" дегендей, Сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар, - деді 3477 әскери бөлімінің командирі полковник Рустам Хасанов.

Әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері отставкадағы прапорщик Ольга Дьячкова, отставкадағы майор Иванов Николай, отставкадағы аға прапорщик Валерий Кряжев, отставкадағы аға прапорщик  Виктор Малина, отставкадағы подполковник Иван Соколов сынды ардагерлердің үйіне барып, атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, өздерінің жылы тілектерін білдірді. Сонымен қатар асыл қазыналарға әскери бөлімнің атынан грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

А. Кенесова,
3477 әскери бөлімінің бөлініс бастығы 


Следующая →