Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қабырғаға ақындардың суреті салынды

Аягөзде Абай Құнанбайұлы, ал Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

"Шығыс - Адалдық алаңы" жобасы аясында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Аягөз қаласы, Қабанбай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ғимаратына Ұлы Абайдың бейнесі салынды. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының бейнесі Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы бойындағы "Нұрсұлтан" сауда үйінің қабырғасына салынды.
Аягөздегі көпқабатты үй сыртына ақынның суретімен қоса "Adal júrip, Adal tur" деген қанатты сөзі жазылса, Үржардағы сауда үйінің қабырғасына да Шәкәрімнің суретімен бірге "Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды" деген қанатты сөзі келтірілген. Айта кетейік, сурет астында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Осылайша "Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырады.
Следующая →