Ұры үйге терезеден кірген
Ұры үйден әмиян ұрлап кеткен. Полицияға шағымданған Ұлау ауданының тұрғыны әмиянында қомақты сома – 80 мың теңге болғанын айтады
Зардап шеккен азаматша айтқандай, қаскөй терезе әйнегін шешіп, үй ішіне енген.
ШҚО ПД ақапарытан сүйенсек, тәртіп сақшылары қылмыскерді ізін суытпай құрықтады. Ол сол ауылдың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде бозбала қылмысын мойындады, қазір уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Следующая →

- Қолды болған ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - деп қосты мекемедегілер. - Алаяққа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.