Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО халқы Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй ала алады

Шығыс Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пайызбен баспана алудың жолдары кеңінен түсіндірілді

Шаңырақ "5-10-20"  қанатқақты жобасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі. Аталмыш пилоттық жобаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынды. Басты мақсат – қазақстандықтарға тиімді займ беру арқылы баспанамен қамтамасыз ету.

Жылдық мөлшерлемесі 5% тең. Тұрғын үй құнының алғашқы 10% жинау қажет. Несиелендіру мерзімі – 20 жыл.

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ШҚОФ-ның директоры Назигүл Аккулованың айтуынша, "Шаңырақ" жобасы аясында жеңілдетілген несие ең алдымен, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда жергілікті әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған соң банктің "Шаңырақ" жобасын қаржыландыруға қаражаты жеткілікті болса, онда кейінгі жылдары әкімшілікте тұрғын үй кезегінде тұрған жандар шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай көлеміндегі отбасының әр мүшесінің басына шаққандағы отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минумынан аспауы тиіс. Демек, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңге болуы керек.
– Бұл бағдарлама бойынша тек қана бірінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Аталмыш бағдарлама бойынша салынып жатқан баспаналардың тізімін hcsbk.kz сайтынан көруге болады, - деді Назигүл Аккулова.
Шығыс Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы бойынша 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мәселен, Өскеменде 64 пәтерлі 4 үй мен 72 пәтерлі бір тұрғын үй бой көтеруде. Сонымен қатар Ұлан ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілуде. Бұл баспана ағымдағы жылдың қараша айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Ал облыс орталығындағы үйлерге 2021 жылы қоныстануға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі өңір тұрғындары үшін 160 мың теңгені құрайды. Біздің өңірімізде аталмыш бағдарлама бойынша бой көтерген баспананың бағасы 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар оған қатысуға өтініш білдіру үшін hcsbk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтініштерді қабылдау мерзімі 17 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жалғасады. Егер сайт арқылы өтініш беру қиындық туғызған жағдайда немесе басқа да сұрақтар мазаласа, банк бөлімшесіне баруға болады. Не болмаса, банктің кеңесшімен хабарласуға болады.
Следующая →