ҚМДБ-ның 30 жылдығына 1133 тал егілді
ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Өскемен аймағында "30 жылдыққа 30 мың түп ағаш" отырғызу акциясы қарқынды жүріп жатыр
"Атадан мал қалғанша, тал қылсын" деген ұлағатты берік ұстанған Өскемен өңірінің дін қызметкерлері бұл акцияға белсенді қатысты.
Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, акция барысында өңірдегі мешіттердің ауласына барлығы 1133 түп көшет егілді. Қатар тізіліп егілген ағаштар әсем мешіттің көрікіне көрік қосып, айналасына ерекше сән берді.
Следующая →

- ҚМДБ-ның "30 жылдыққа 30 мың тал егу" акциясына үн қосу мақсатында мешіттің аумағына шырша, самырсын, қарағай көшеттері отырғызылды. Мешіттің маңы таза, ауласы көрікті болса дінге деген, жамағатқа, халыққа деген құрмет болмақ. Біз әрдайым мешіт аумағы таза, әсем болуын қадағалап отырамыз. Шара алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.Өскемен аймағы бойынша мешіттерде көктемнен бері бұл акция үздіксіз жүріп, мешіттердің ауласын абаттандыру шарасы өкілдіктің тапсырмасымен жүйелі түрде іске асып келеді.