Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жаңа сорғы стансасы салынды

Октябрь сусорғы қондырғысына жөндеу жұмыстары баяғыда жасалуы керек еді

Өйткені қала тұрғындары тұтынатын судың сапасы нашарлап, тұз пайда болған.
Азды-көпті 62 жыл жұмыс істеп тұрған ескі су тарту стансасы 1958 жылдан бері Үлбі ауданының халқын ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Шаруашылық істері жөніндегі "Өскемен Су арнасы" КММ директоры Ержан Аубакиров сусорғы қондырғысын ауыстыру үшін, су тарту стансасына сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуін бірнеше жыл бойы сұрап келгенін айтады. Ал биыл Еуразиялық банктің демеушілігімен стансаның жөндеу жобасы бітуге дайын, деп хабарлайды Устинка Life тілшісі.

Құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарияланған байқауда әзірбайжандық "AKELIK-CROUP" компаниясы жеңіске жеткен.

Жобаның жалпы құны - доллардың қазіргі бағамына шаққанда 2 млрд, 158,6 млн теңге. Инвестициялық бағдарламада 4 млн теңге "Өскемен Су арнасы" КММ үлесі. Республикалық бюджеттен 201,1 млн теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 169,3 млн теңге бөлінген.
- Су тартуды қараша айында бастаймыз деп отырмыз. Енді "ШҚ АЭК" АҚ электр энергиясын қосу жөніндегі сұрақтар шешіліп жатыр. Электр тоғы беріле салысымен су бұрғылау орындарына су жіберілетін болады. Дат-неміс компаниялары бірлесіп шығарған Grundfos сусорғылары электр үнемдеуші, пайдалануға да жеңіл. Осыдан 10 жыл бұрын бұларды Элеватор және Солтүстік-Атаман су тарту орындарына орнатқанбыз. Ол кезде токарлар мен машинисттер жұмысы қысқарды. Өйткені, жаңа сусорғылар бас мекемеден қашықтан басқару тетігімен жабдықталған. Нон-стоп режимінде апаттық-диспетчерлік қызмет орталығына тәулік бойы хабарландыру беріліп отырады, - дейді КММ басшысы Ержан Аубакиров.
Следующая →