Өскемендіктерге шіркейлер шабуыл жасады
Ызыңының өзі ығырды шығарып жіберетін қансорғыш жәндіктер адамдарға үйде де, көшеде де маза берер емес
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 30-шы гвардиялық дивизия көшесі, Ертіс өзені жағалауының тұрғындары дүкенге барсақ та, далаға шықсақ та, үйге кірсек те әбден мезі етті. Жәндіктерге арналған себетін дәрілер мен жабыстырғыш заттардың көмегі тиіп жатқан жоқ. 1-2 күннен кейін қаптап кете береді деп дабыл қағуда.
Қалалықтар көшеде жүргенде басын шайқамай, қолдарын сілтемей жүре алмай қалды.
Орнитолог-ғалым Борис Щербаков:
Өскемендіктер болса жәндіктер эпидемиялық жағдайды одан әрі қиындатып жібере ме деп қауіптеніп отыр. Өйткені олар ұшып-қонып қана қоймай, адамдарды шағатындықтан вирус тасымалдап, инфекциялық аурулардың қозуына әкеп соғау да ғажап емес. Сол кезде бетперденің де, антисептиктің де, оқшауланудың да пайдасы болмай қалады. Терапевт-дәрігердің айтуынша, шіркейлер аллергия тудыру мүмкіншілігімен қауіпті. Олар шаққан жер ісінеді, қышиды, қызарады, бөртеді. Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалану арқылы алдын алуға болады. Ал қансорғыштардан денені толықтай жауып киіну арқылы ғана сақтанған абзал.
Следующая →
Қалалықтар көшеде жүргенде басын шайқамай, қолдарын сілтемей жүре алмай қалды.
- Жаңа салынған студенттер гүлзарына бару мүмкін емес. Аузы-мұрнымызға, құлағымызға шейін кіріп кетеді. Шынымен, әбден есімізді шығарды. Сепкіш дәріден олардан бұрын өзіміз уланып қаламыз. Ал оларға түк әсер етпей ұшып жүре береді, - дейді Екатерина есімді оқырман.Әйгерім есімді қала қонағы: - Өзен жағасында серуендеп жүрсем, қолымдағы кофенің түтікшесі арқылы аузыма кіріп кетті. Тіпті ақылға қонымсыз, - деп таңқалады.
Орнитолог-ғалым Борис Щербаков:
- Көктем, жаз, күз мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай. Маса-шіркейлердің "думан сауығы" ұзаққа бармайды. Алғашқы суық күндер басталысымен бәрі қырылып қалады, - деп түсініктеме берді. - Оған қоса тоғандардағы, өзен-көлдердегі су қазір жылы болып тұрғандықтан, дернәсілдері көбейіп жатыр. Ара, шыбын, сона, маса, шіркей секілді жәндіктерге биылғы жыл қолайлы болды. Адамдарға қорқудың қажеті жоқ. Қайта табиғаттың өзі екіаяқтылардың қатысуынсыз тепе-теңдікті реттеп отыр.
Өскемендіктер болса жәндіктер эпидемиялық жағдайды одан әрі қиындатып жібере ме деп қауіптеніп отыр. Өйткені олар ұшып-қонып қана қоймай, адамдарды шағатындықтан вирус тасымалдап, инфекциялық аурулардың қозуына әкеп соғау да ғажап емес. Сол кезде бетперденің де, антисептиктің де, оқшауланудың да пайдасы болмай қалады. Терапевт-дәрігердің айтуынша, шіркейлер аллергия тудыру мүмкіншілігімен қауіпті. Олар шаққан жер ісінеді, қышиды, қызарады, бөртеді. Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалану арқылы алдын алуға болады. Ал қансорғыштардан денені толықтай жауып киіну арқылы ғана сақтанған абзал.
- Қазір жәндіктермен күрес аяқталған. Саябақтар, гүлзарлар, субұрқақтар, өзен жағалауы маса-шіркейлерден 3 рет тазартылды. Бюджет қаржысы толықтай игерілді. Тұрғындарға өздерінің қауіпсіздігі үшін сыртқа шыққанда масаға қарсы дәрі алып жүрген дұрыс, - дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және авокөлік жолдары бөліміндегілер.Билік өкілдері ызыңдаған қансорғыш "көршілерімізді" жою үшін келесі жылы көбірек істер атқарар деп үміттенеміз.
Тақырыптар:
Стаи мошек Усть-Каменогорске Насекомые мешают людям Кровососущие насекомые Аллергия на укус мошки Отдел ЖКХ Усть-Каменогорска