ШҚО кәсіпкерінің 100 келі жүгерісін ұрлап кетті
Үржар ауданының тәртіп сақшылары үлкен ұрлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдіктіні ұстады
Қыркүйектің 17-ші жұлдызында егін шаруашылығымен айналысатын, жергілікті ЖШС қожалықтарының бірінің 33 жастағы орынбасарынан Үржар аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсті. Оның айтуынша, біреу Көкөзек ауылынан 2 шақырым жердегі егін даласынан 250 келі жүгеріні өсіп тұрған жерінен ұрлап әкеткен.
Іс суымай жатып сақшылар баукеспелік жасаған күдіктіні тауып, тергеуге алды. 45 жастағы жұмыссыз азамат ұрланған жүгеріні сатып, пайда таппақ болғанын мойындады.
Жүгері иесіне қайтарылды. Ал қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөзінде.
Следующая →