Өскемен
облачно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауыл ішіндегі жол ойылып ортасына түскен

Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылында қырық жыл жөндеу көрмеген көше жолдары опырылып ортасына түсіп кеткен. Тіпті кейбірінің тереңдігі жарты метрге дейін барады екен. Жуықта фейсбук әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі, Тарбағатайдың тумасы Ақжардағы шұрық тесік болған жолды видеоға түсіріп, жеке парақшасында жариялаған болатын

Бұған дейін Ақжар ауылына кәріз жүйесін тарту мақсатында көшелерінде қазба жұмыстары жүргізілген. Жұмыс аяқтағаннан кейін мердігер компания жолдарды қалпына келтірген. Өкінішке қарай, көп ұзамай сапасыз жұмыс салдарынан жолдар 
ойылып, опырылып кеткен. Енді бұл жолмен көлікпен жүру қиынға соғып тұр. 
- Бұған дейін "ДК Проект" компаниясы ауылымызға кәріз жүйелерін тартқан болатын. Жұмыс барысында көше жолдары қазылып, қайта қалпына келтірілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан шақта тұрғындар жиналып, істеген жұмыстарына көңіліміздің толмайтындығын жеткізген едік. Бірақ мердігер компания "жұмысты сапалы істеп жатырмыз" деп сендірді. Біраз уақыттан кейін сапалы істеген жұмыстары сапасыз болып, Сансызбай мен Жұмабай көшесінің қиылысындағы жолдар ойылып кетті. Тіпті кейбір шұңқырдың тереңдігі жарты метрге дейін барады, - дейді ауыл тұрғыны Дастан Мұратов.
Тұрғындар ойылып кеткен жолдың әр жеріне ағаштар шаншып, белгі қойған. Себебі түнде келе жатқан адам байқамай түсіп кетіп, мертігіп қалуы әбден мүмкін. 
Мәселе әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан да қызу талқыға түсті. Ермек Құманғалитегі есімді желі қолданушысы былай деп жазды:
- Ақжар ауылындағы жөнделген жолдың сиқы осы. Не сұмдық мынау? Онсыз да қырық жыл жөндеу көрмеген көшенің жолын қазған екен. Енді соны қайтадан дұрыстап тегістеп, бетіне дұрыстап асфальт төсеу бұлардың міндеті емес пе? Қашанғы шыдауға болады? Бұл бір ғана көшенің қиылысы. Ал бұндай шұңқырлардың жүзін видеоға түсіріп бере аламын. Мынаны және басқа да ой-шұңқырларды түгелдей қайтадан жөндеп беруді талап етеміз, - дейді ол.
Осы орайда Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне хабарластық. 
- Ақжар ауылында 46 көше бар. Ауылда кәріз жүйелерін тарту мен тазарту ғимараттары 2019 жылдың 11 қарашасында аяқталды. Бүгінгі таңда мердігер "DK proekt" ЖШС барлық жұмысты атқарды. Жобаның жалпы құны 116 048,11 мың теңгені құрайды. Кепілдік мерзімі үш жылға дейін болғандықтан қазір құбыр орнатылған жерлерді тегістеу, құдықтың бетін құю сынды жұмыстар атқарылуда, - дейді Тарбағатай ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.
Яғни, осыдан былай Сансызбай мен Жұмабай көшелері қиылысындағы бұл жол опырылып ортасына түскен сайын "DK proekt" мердігер компаниясы жөндеп отырады. Ал кепілдік мерзімі аяқталған үш жылдан соң не болары белгісіз.
Серік Сабырбаевтың айтуынша, осы жылы Ақжар ауылда бірнеше көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 
- Ақжар ауылында "Ауылым - алтын бесігім" бағдарламасы аясында 4 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, Дәулетбай, Рысқұлов, Молдағұлова және Байжігіт көшелері. Жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айында бас-талды. Тағы бір айта кететіні, Сансызбай мен Жұмабай көшелеріндегі үлкен дәрежеде ойылып түскен жолдар толығымен қайта жөнделді, - дейді Серік Сабырбаев.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ақжар Жол