Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде қала күніне орай гүлбақ ашылды

Қала тұрғындары Н. Назарбаев даңғылы, 77 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа демалыс аймағын тамашалап, белсенді серуендеуде

Биыл Металлургтер сарайы ауданында нағыз апгрейд басталды, оны тұрғындар шамамен 10 жыл күтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Н. Назарбаев даңғылы мен Мостовая көшесінің қиылысында орналасқан саябақты абаттандыру қала күніне орай аяқталды. Мұнда орындықтар, үстелдер, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру тіректері, түрлі-түсті плиткалар пайда болды. Демалыс аймағының басты элементі - ұлттық стильде орындалған, күмбезі шаңырақ түрінде және барлық жағынан аспалы жарықпен безендірілген үлкен сәндік аймақ. Адамдар қала басшысына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
- Бұрын бұл жерде қараусыз қалған аумақ болған, - дейді қала тұрғыны Әсем Болатова. - Енді ойын алаңдарында, орындықтарда және үстелдер де әдемі және мұндай тамаша бейнені көріп көңілің де көтеріледі. Мен күн сайын келіп, атмосферадан ләззат алғым келеді.
Жақын арада қала тұрғындарын Стахановская көшесінен Металлургтерге дейінгі Назарбаев даңғылының учаскесінде жарты шақырымдық абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолы қуантады. 
- Биыл шектеу шараларына байланысты біз қала күнін жаппай атап өте алмадық, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Барлық ашылатын нысандар қаланың 300 жылдығына арналады. Әрбір өскемендікке денсаулық, отбасылық амандық, бақыт тілеймін!
Следующая →