Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдың жаңа әкімі қызметке кірісіп кетті

Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне Смаилов Асхат Сайдахметұлы тағайындалды

Облыс әкімі Даниал Ахметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алдағы атқарылатын жұмыс барысын атап өтті.

Алдымен облыс әкімі Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапарында көпбалалы отбасылармен кездесіп қана қоймай, олардың үйінде болып, мұң-мұқтаждарын байып-пен тыңдады. 9 жыл бұрын бұрынғы аурухана ғимараты кезекте тұрған азаматтарға пәтер ретінде берілген еді. Қазіргі таңда ғимарат қана емес, барлық коммуникация желілері жөндеуді қажет етеді. Балалар үшін ауланы абаттандыру қажет. Осы мақсатта облыс бюджетінен 50 млн теңге бөлінеді. Жақын арада жөндеу жұмыстары басталады. Тарбағатай ауданының жаңа әкімі Асхат Смаилов жөндеу жұмысының барысын қатаң қадағалайтын болады. 
- Аудандық ауруханада 29 от-тегі концентраторы, 4 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аз уақытта оттегі станция-сын орналастырамыз. Аурухана қызметкерлері қорғаныс құралдарымен жабдықталған, барлығында коронавирустың ықтимал жаңа толқынында сырқатпен түсетін науқастарды емдеу картасы мен алгоритмі бар, - деді облыс әкімі.
Бүгінде Ақжар ауылындағы жөнделген мектепте барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, бастауыш сыныптар оқып жатыр. Облыс әкімі мердігерлерге қысқа мерзімде жою қажет кемшіліктерді атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша, осы және тағы 200 ауылдық мектепте жылы санитарлық тораптар салынды. Мектептердегі бұл мәселе шешімін тапқандай. 

ЖТҚ бағдарламасы бойынша бой көтеріп жатқан үйлердің сапасы көз қуантарлық. Жақсы әрі жайлы баспанада үй шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесі де бар. Мұнда алғаш қоныстанушылар - көпбалалы отбасылар. 
- Қазір Ақжар ауылында ипподром қалпына келтірілуде. Бұл спорт нысанын қысқы спорт түрлеріне де ыңғайлы ету қажет. Тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Ол үшін құрылысшылар жобаға түзетулер енгізіп, жылы павильонды қарастыруы тиіс, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Жалпы аудан әкімі Асхат Смаиловқа бірқатар әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды, оның ішінде "Жұмыспен қамту жол картасы", көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау аясындағы жобаларды іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Следующая →