Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Үржар ауданындағы егіс алқабы кеңейді

Үржарда егіс алқаптарының 67 пайызы орылып, орташа түсім 16,6 центнерді құрады

Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов тікелей эфир барысында мәлімдеді. 

- Үржар ауданының экономикасы ауыл шаруашылығы саласына негізделгендіктен басты назарды осы бағытқа, соның ішінде өсімдік шаруашылығына аударамыз. Биыл ауыл шаруашылығы егістіктерінің көлемі 184 мың гектардан асып жығылады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 102 пайызға артық. Есепті кезеңде 40 мың гектардың 67 пайызы орылып, дәнді дақылдардың орташа түсімі гектарына 16,6 центнерді құрады. Егістік жерлердің өнімділігін өсіру және құнарлылығын сақтау мақсатында аудандағы шаруашылық құрылымдары 2700 тонна минералды тыңайтқыштар мен 24 мың тонна гербицидтер пайдаланды, - деді Нұржан Тоқсеитов.
Мал шаруашылығына да аз назар аударылмайтындығын айтады әкім. Өткен жылдан бері ет көлемі 2,3, құс жұмыртқасы 6,4, сауылған сүт 3 пайызға өсті. Сондай-ақ, мал басы да артып, ірі қара саны 6,3, жылқы 4,8, қой мен ешкі 2 пайызға көбейген екен.
Следующая →