Ұлттық өнерге деген құрметі ерекше
Ағаштан түйін түйіп, бұйым жасап, ұлттық өнерді ұлықтау кез келген жанның қолынан келе бермесі анық. Өнермен өрісін кеңейтіп, елдің ықыласына бөлену өнер иесінің өзіне тән ерекшелігі болса керек. Осындай он саусағынан өнер тамған азаматтардың бірі - зайсандық Әділет Беркінбаев
Facebook әлеуметтік желісінде "Астау Өскемен" парақшасында көздің жауын алар ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары сатылымға шықты. Шебермен тілдеспек болып хабарласқан едік, мәселе біз ойлағаннан мүлдем басқаша болды. Кейіпкеріміздің бұл бұйымдарды Өскемендегі түзету мекемесінде жасап жатқанын естігенде таңданысымызды жасыра алмадық.
Әділет Беркінбаев бүгінгі таңда Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Қолөнердің бірнеше түрін жасайтын шебердің өнімдеріне бүгінде сұраныс көп. Кейіпкеріміз темір тордың ар жағында отырса да, ұлттық өнерге деген құрметі ерекше. Осылай ол ата кәсіпті шындап қолға алды.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты кейіпкерімізбен мекеме ішінде жолығуға рұқсат жоқ. Сондықтан Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесінің басшылығы бізге Әділет Беркінбаевпен телефонмен тілдесуге мүмкіндік жасап берді.
тайынан өнерге құштар болып өседі. "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дегендей Әділет Беркінбаев бойындағы талантты әкесімен тіке байланыстырды. Себебі кейіпкеріміздің әкесі де өнерден құр жаяу емес көрінеді.
Следующая →
Әділет Беркінбаев бүгінгі таңда Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Қолөнердің бірнеше түрін жасайтын шебердің өнімдеріне бүгінде сұраныс көп. Кейіпкеріміз темір тордың ар жағында отырса да, ұлттық өнерге деген құрметі ерекше. Осылай ол ата кәсіпті шындап қолға алды.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты кейіпкерімізбен мекеме ішінде жолығуға рұқсат жоқ. Сондықтан Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесінің басшылығы бізге Әділет Беркінбаевпен телефонмен тілдесуге мүмкіндік жасап берді.
Еңбек етемін десе, мүмкіндік мол
- Әділет Беркінбаев түзету мекемесінде өз жазасын өтей жүріп, қолөнер бұйымдарын жасауды мықтап қолға алған. Мұндағы жазасын өтеушілерді еңбекпен түзету мақсатында олардың еңбек ете отырып, табыс табуына барлық мүмкіндік жасалған. Жұмысына қарай еңбекақысын алады. 8 сағаттан артық жұмыс істемейді. Осындағы 495 адамның 323-і жұмыс істейді. Бізде қазір 9 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұр. Солардың ішіндегі ең көрнектісі Әділет Беркінбаевтың қолөнер бұйымдары. Өте сапалы. Біз заң жүзінде жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасасу арқылы түрмеде жасалған өнімдерді нарыққа сатылымға шығарамыз. Тағы бір айта кететіні, осындағы азаматтар түрме ішіндегі колледжде білім ала алады. Бас бостандығынан айырылғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында түрлі кәсіптер оқытылады, - дейді Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Геляна Берекполова.Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген ол жас-
тайынан өнерге құштар болып өседі. "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дегендей Әділет Беркінбаев бойындағы талантты әкесімен тіке байланыстырды. Себебі кейіпкеріміздің әкесі де өнерден құр жаяу емес көрінеді.
Кейіпкеріміз түзету мекемесінде еңбек жолын домбыра жасаудан бастапты. Себебі жастайынан құлағына құйылған күй құдыреті оны ағашшылық өнеріне жетелесе керек. Мүмкін бұл оның ұлттық құндылыққа деген шексіз сүйіспеншілігі шығар.- Ата-анам мектепте оқытушы. Жастайымнан әкемнің қара домбырасынан төгілген күйлерді естіп өстім. Бес жасымнан бастап домбыраға әуес болдым. Абай атындағы Қарабұлақ мектебін бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы 4 жылдық әскери оқу орнына түстім. Кейін он жыл оңтүстік өңірлік қолбасшылығында офицер шебінде қызмет еттім. Взвод командирінен бөлім командиріне дейін көтерілдім. Осы тұста "өзінің қылмыстық қағаздарына қол қою арқылы мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен қамауға алындым. Бүгінде Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесінде жазамды өтеп жатырмын. Қазір бір ұл, екі қызым бар, - дейді Әділет Беркінбаев. - Мен сотталған кезде отбасым, бала-шағам қараусыз қалды. Тұрып жатқан үйімізден де шығарып жіберді. 15 жыл әскери орында мемлекетке қызмет еткенде, отбасыма ешбір көмек жасамады. Отбасыма көмек қолымды созардай менде басқа мүмкіндік болмағандықтан, түрмеде қолөнермен айналысуыма тура келді. Сол арқылы тапқан табысымның жартысын тағылған айып бойынша, мемлекетке келтірілген шығынды өтесем, жартысын жанұяма жіберіп отырамын. Бір жақсысы бізге осында еңбек етіп, табыс табуымызға мүмкіндік берілді.
- Ең алғашқы жасаған қолөнерім домбыра болды. 2016 жылы Астана қалалық түзету мекемесінен Өскемен қаласына ауыстырды. Түзету мекемесіне келгенімде ағаш өңдеу цехына жұмысқа орналастым. Мұнда да неше түрлі шеберлер болды. Солардан домбыраның жасалу барысын үйрендім де, алғаш домбыра жасай бастадым. Белгілі домбыра шебері Жолаушы Тұрдығұловтың кітаптарындағы домбыра жасаудың қыр-сырымен танысып, сол негізде жасауға тырыстым. Бала күнімізден анамыздың оюлы сырмағының үстінде ержеткендіктен ұлттық оюды домбыраға салуды жөн көрдім. Қазір домбыраға деген сұраныс артып келеді. Көбінесе арнайы тапсырыстармен жасаймын. Түзету мекемесі бірнеше кәсіпкерлермен келісімшарт жасасу арқылы біздің өнімдерімізді сатылымға шығаруға көмектеседі. Материалдарды да кәсіпкер өзі әкеліп береді, - дейді Әділет Кеңесқанұлы.
Домбыраның жақсысы ағашынан
Кейіпкеріміздің сөзіне сүйенсек, домбыра жасағанда ең бірінші оның ағашына баса мән беру керек екен.- Домбыра жасағанда ағашы маңызды. Қос ішектен шыққан әуен қүмбірлеп шықса, онда оның материалы да жақсы деген сөз. Әсіресе қатты ағаштан жасаған абзал. Мысалы, жаңғақ ағашы, қызыл қарағай, алма ағашы, өрік ағашы, қарағай сынды ағаштар сапалы келеді. Түрмеде материалдардың тапшылығынан көбінесе қайың ағаштарынан жасаймыз. Бір домбыра жасау үшін бірнеше ағаш түрін пайдаланамыз. Домбыраның басын қайыңнан саламыз. Ең маңыздысы шанағы болғандықтан жаңғақ пен алма ағашын пайдаланамыз. Ал беткі қақпағын қарағайдан жасаймыз. Кейде жөндеуге келетін жақсы домбыралар болады. Солардың жасалу ерекшеліктерін зерттеп, үйлестіріп құрап шығуға тырысамыз. Себебі бізде басқа шеберлермен тәжірибе алмасатындай мүмкіндік жоқ. Бағалары 10-50 мың теңге аралығында. Бір өкініштісі, тұтынушы өзі келіп домбыраның сапасын көріп ала алмайды. Екіншіден, жарнама жағынан ақсап тұрмыз. Бүгінде домбыраның екі түрін жасаймыз. Құйма домбыра және құрама домбыра. Бір домбыраны жасауға екі айдай уақыт кетеді. Уақыттан ұту үшін бір жолда 10-15-тен жасаймын, - дейді кейіпкеріміз әңгімесін жалғап.
Қазақи ыдыс-аяқтың 18 түрін жасайды
"Өнерлінің қолы алтын" дегендей шебер домбыра жасаудан тыс қазақи ыдыс-аяқтың 18 түрін жасап шығаруда. Әсіресе қазақтың қонақжайлылығын ескерген ол астау мен ет табақтарын өзгеше үлгіде жасайды екен.- 2016 жылдан бері қазақи ою-өрнекпен әшекейленген ыдыс-аяқтар жасауға кірістім. Көбінесе аққайың ағашынан жасаймыз. Ерекше бір айта кететіні - астаулардың екі басын төрт түлік малдың бас бейнесінде жасалады. Бізде мүсін жасайтын арнайы станоктың жоқтығынан барлығын қолмен ойып істейміз. Қазір домалақ астау, бас астау, төрт басты астау және ою астау сынды 5-6 түрі бар. Астаулар көзге жақсы көріну үшін оларға табиғи бояулар қолдануға тырысамыз. Екіншіден, ас астауы болғандықтан химиялық қоспасыз бояулар пайдаланамыз. Мысалы, қызыл қарағайдың қабығын қайнату арқылы одан бояу алуға болады. Көп жағдайда тапсырыс берушінің сұранысы бойынша істейміз. Біреуі лакталғанын жақсы көрсе, екіншісі астауды майға салғанды ұнатады. Шебер ретінде менің көзқарасым бойынша, лактаған дұрыс. Себебі майлаған ыдыс уақыт өте келе майынан ажырап, өз сынын жоғалта бастайды, - дейді Шебер Әділет Беркінбаев.
Астауға сұраныс көп
Шебердің айтуынша, ағаштан жасалған ыдыстарға сұраныс көп түседі екен. Тіпті кейде үлгермей қалатын кездері де болыпты.- Қазір сұраныс өте көп болғандықтан кейде үлгермей жатамын. Тапсырыстар көбінесе Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент сияқты басқа қалалардан жиі түседі. Сонымен қоса, үстел-орындықтар да жасаймыз. Бүгінгі таңда қаладағы Ертіс жағалауында орналасқан "Мейман" мейрамханасының ыдыс-аяқтары мен үстел-орындықтарын біз жасап шықтық. Бастысы тұтынушылар өніміміздің сапасына дән риза, - дейді Әділет Кеңесқанұлы.Кейіпкеріміз енді алдағы уақытта осы кәсіпті жалғастырып, ұлттық бұйымдарды дәріптеуді мақсат тұтуда.
- Ары қарай осы кәсіпті жалғастырып, жұмыс өнімділігін арттырсам деймін. Болашақта қазақи ертоқым жасауды қолға аламын. Қазір түрлі қамшылар өріп жатырмын. Алдағы уақытта өз өніміміздің атауын "Тұзақшылар" деп атау-
ды жөн көріп отырмыз. Бұл да тұтынушылардың біздің өнімге деген сенімділігін арттыру мақсатында жасалады, - дейді шебер.
Тақырыптар:
түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр