Семейде жылқы шұңқырға түсіп кетті
Бүгін таңертең Семейде Заливная көшесіндегі шұңқырға жылқы түсіп кеткен. ТЖБ мамандары көмекке дер кезінде үлгерді
Шұңқыр ішінде шарасыз күйде жатқан жылқыны көрген семейліктердің бірі құтқарушыларды шақыртқан. Өзі-ақ шығарып алмақ болғанымен, шамасы жетпеген.
Құтқарушылар жылқыны арқанға байлап, апаттық-құтқару көлігімен сүйреп алып шықты. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жылқы зардап шекпеген, ветеринардың көмегі қажет болмады. Мал иесіне табысталды.
Следующая →

- Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Құтқарушылар 2019 жылдың сәуірінде Бобровка кентінде құтқарушылар тереңдігі екі метр жерқоймадан сиырды алып шыққан болатын. Маусым айында жылқы құдыққа түсіп кеткен, одан кейін ашық люкке ит түсіп кетті, - деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі.