Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

"Ескіліктің естілігін сақтауға тырысамын"

Қолөнердің құдыретін бала күнінен бойына тоқып өскен жандардың бірі - Оралбек Бекқали. 2005 жылы Қытайдағы Алтай аймағынан шекара асып, ата жұртқа қоныс аударады

"Зердің жәйін зергер білер" демеуші ме еді бабаларымыз. Сондықтан болар халқымыз зергерлікті өнер атаулының төресіне балаған. Қанымен біткен өнерді қасиетіне балайтын қарапайым ұста шаңырағында дүниеге есігін ашқан ұрпақ та өнерден алыс тумайтыны белгілі. Тіпті заңдылық. 

Қолөнердің құдыретін бала күнінен бойына тоқып өскен жандардың бірі - Оралбек Бекқали. 2005 жылы Қытайдағы Алтай аймағынан шекара асып, ата жұртқа қоныс аударады. 

"Атам да, әкем де ұста болған"


Көштің басын Күршім ауданы Бурабай ауылына тірейді. Ерекше бір айта кететіні, кейіпкеріміздің бойындағы бұл қасиет ауылда қара ұста атанған атасы мен әкесінен дарыса керек. Сондықтан болар шебер "Атам мен әкем ұста болғанда менің зергер болып тумау ға құқығым жоқ еді" дейді.
- Ұсталық өнері біздің қанымызда бар. Атам да, әкем де ауылда қара ұста болған. Дүкенінде көрігін қыздырып, темірден бүкіл ауылға аттың таға-шегесін, балта мен пышақ соғып беретін. Ол кезде қазіргідей базардан барып сатып ала салатын дайын өнім аз ба, жоқ әлде қолмен соққан дүние құнды бола ма, кім білсін. Әйтеуір, ауыл жұрты темірін қолтықтарына қысып, атамның дүкенінен шықпайтын еді. Заманында ұстаның мәртебесі биік еді. Тіпті халық өнерді шынайы қатты бағалайтын еді. Анам да ісмер кісі. Ауылдың түскиіз бен сырмағы міндетті түрде ол кісінің қолынан өтетін еді. Ауылдың жас келіндерін жинап алып, қойдың жүнін түтіп, киіз басатын. Қыз бала тәрбиесін оймақ, инемен ұштастырған анамыз оюларға қарап-ақ кімнің кестесі екенін бірден танып қоюшы еді, - дейді Оралбек Бекқали әңгімесін жалғап.

Әу бастағы арманы - суретші болу


Жастайынан өнерге жақын туған ол өзінің болашақ кәсібін зергерлік өнерімен тіке байланыстырды. Кейіпкеріміздің әу бастағы арманы - суретші болу еді. Десе де, оның балалық арманы бойындағы екінші бір жасырынып жатқан талантының көлеңкесінде қалды.
- Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Күршім ауданына қарасты Бурабай ауылындағы орта мектепте 9, 10, 11-сыныптарды бітіріп, жоғары оқу орнына тапсырдым. Әуелгі мақсат - Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсу болатын. Себебі суретші болу менің бала күнгі арманым еді. Өкінішке қарай, аталған оқу ордасына түсе алмай қалдым. Біраз уақыт жұмыс істеп, кейін Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет факультетіне оқуға түстім. Төрт жылдық оқуымды сәтті аяқтап, сол оқу орнында бір жыл суретші болып алғашқы жұмысымды бастадым. Осы оқу ордасында жұбайым Кәмшәтті жолықтырып, бас құрадық, - дейді суретші Оралбек. - Кейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен Көкпекті ауданы Самар ауылындағы Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектебіне жұмысқа орналастым. Мұнда оқушыларға еңбек пәнінен сабақ бердім. Бүгінде осы мектепте шәкірт тәрбиелеп жатырмын. 
Кейіпкеріміз өзінің дипломдық жұмысын осы зергерлік өнерімен байланыс-тырды. Себебі ол өз әулетінен шыққан үшінші шебер еді.
- Дипломдық жұмысымды зергерлік өнеріне тіке бағыттауды жөн көрдім. Зергер боламын деп белді бекем будым. Ұстаздарым да бұл шешімімді құп көріп, қолдау көрсетті. Бір қуантарлығы, ізденіс барысында бұрынғы ұста, шеберлермен қазіргі жаңа дәуірдің зергерлерінің тұжырымдарын сәйкестендіру нәтижесінде айырмашылықтың зор екенін байқадым. Сол себепті зергерлік бұйымдар жасау барысында ескі үлгі мен жаңа үлгіні тоғыстыруға тырысамын. Кейде ескі үлгіні өзгертпей бердім. Себебі атам заманнан келе жатқан кейбір ұлттық белгілерді өзгертуге болмайды. Ескіліктің естілігін сақтауға тырысамын - дейді зергер.

Алқа-моншақтың түр-түрін жасайды


Шебер бүгінде түртпе технологиясы арқылы алқа-моншақтың түр-түрін жасайды. Атап айтар болсақ, білезік, құдағи жүзік, тұмар алқа, шашбаулар, сырға, жүзіктер, шолпы.
- Зергерлік бұйымдарды түртпе технологиясы арқылы жасаймын. Көбінесе қола, мыс, күмістерден оямын. Қазір білезік, құдағижүзік, тұмаралқа, шашбау-лар және сырға мен жүзіктер жасап жатырмын. Өкініштісі, материал табу жағынан аздап қиындық туып жатады. Кейде апталап, айлап күтіп қалатынымыз тағы бар. Осы орайда сіздерге бірнеше сәндік бұйымдарды таныстыра кетейін. Құдағи жүзік -
бұл жүзіктің ерекшелігі ертеде құдалы болған екі жақтың құдағилары таққан екен. Ұл мен қызымды тең көрем деген мағынаны білдіреді. Бұл да қаймағы бұзылмаған қазақи салт-дәстүрдің бір дағдысы болса керек. Қыз балаға арналған шашбаулар. Бір жағынан сәндік рөлін атқарса, екінші жағынан қыз баланың денесін тік ұстап жүруге арналған. Тіпті ертедегі қазақ қыздарының сәндік бұйымдарының салмағының өзі 2-3 келідей болған екен, - дейді шебер.
Осы сәтте шебердің "кейде ескі үлгіні өзгертпей беруге тырыстым. Атам заманнан келе жатқан кейбір ұлттық белгілерді өзгертуге болмайды" деген тұжырымына айрықша тоқтала кетуді жөн көрдік.
- Қазір отбасылы болған әйелдер құстұмсық жүзік тағып жүр. Бұрынғы заманда ол жүзікті тек тұрмысқа шықпаған жас қыздар ғана таққан екен. Себебі құстұмсық жүзік - еркіндіктің, бостандықтың символы. Тұрмыстағы әйелдер дөңгелек сақина таққан. Ол отбасылы, басы бос емес деген мағынаны білдіреді. Бұрынғының жігіттері қызды қолындағы жүзігіне қарап ажыратса керек. Ал қазір көп сандымыз мұны парықтамаймыз. Қазақтың әр сәндік бұйымының бедерінде терең мән-мағына жатыр. Біз соны ажырата білуіміз керек, - дейді Оралбек Бекқали.
Зергер сәндік бұйымдарды көбінесе арнайы тапсырыстармен ғана жасайды. Бағасы да тапсырыс көлеміне қарай бағаланатын көрінеді. 
- Сәндік бұйымдарды тек арнайы тапсырыстармен ғана жасаймын. Себебі ауылды жер болғандықтан қаладағыдай өтімді сауда жоқ. Қуантарлығы қазір тапсырыстар жиі түсіп жатыр. Әсіресе қыздарға арналған алқа-моншақтар. Күмістің өзінде адамның бойындағы ыстықты және уытты өзіне тартып алатын қасиеті тағы бар. Сондықтан болар бабаларымыз әшекей бйымдарды көбінесе алтын мен күмістен жасайды. Сәндік бұйымдарды ертеде ерлерде таққан. Олар қарапайым к еледі. Мысалы, тұмар алқа. Тұмар алқаның әйел адамдарға арналғаны салпыншақтармен, құран сөздерімен әшекейленсе, ерлерге арналғаны төртбұрышты қарапайым келеді. Артқы жақ қақпақшаның ішіне дұға жазылған қағаз салынып тұрады немесе туған жердің топырағы салыныпты. Себебі батыр бабаларымыз жорықта жүріп мерт болғанда тұмардағы топырақты салған деседі, - дейді ол.

Өмірге де, өнерге де бірге қадам басты


Ерекше бір айта кететіні, кейіпкеріміздің жұбайы Кәмшәт та өнерден кенде емес. Білім іздеп бір оқу орнында тоғысқан қос тағдыр өмірге де, өнерге де бірге қадам басты. 
- Қолөнер тоқуға бала күнімнен құштар болдым. Қазір гобелен тоқу, көрпеше тігу, балалар мен ересектерге арналған түрлі бас киімдер тігумен айналысамын. Сонымен бірге, қазақтың дәстүрлі өнерінің бірі - ши тоқу өнерімен де айналысып келемін. Сурет өнерінен алыс болмағандықтан бос уақытымда сурет саламын. Бүгінде Самар ауылындағы балалар шығармашылық үйінде жұмыс істеп келемін. Алдағы уақытта тоқыма өнерімді шыңдасам деген ойдамын, - дейді Оралбектің жары Кәмшәт Айтау.
Зергер Оралбек Бекқали алдағы уақытта заман талабына сай өнімдер жасауды жос-
парлауда. 
- Менде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Адам өз ісін толық меңгерсе және өз-өзіне сенімді болса, қандай қиыншылық кезіксе де соңына дейін жеткізе алады деп ойлаймын. Меніңше, адам өзінің қалаған ісіне, мақсатына зейін қоюы керек. Сонымен бірге, заман ағымына қарай ілесе де білу керек, - дейді Оралбек Бекқали.

Следующая →