Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да праймеризге қатысушылардың басым бөлігі әйелдер

Nur Otan партиясының праймеризіне Шығыс Қазақстан облысынан 1054 кандидат тіркелді

Бұл туралы бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

Жалпы тіркеу қорытындысына сәйкес партияішілік іріктеуге қатысуға Шығыс Қазақстан  өңірінен 1065 үміткер ұсынылып, олардың 1054-і кандидат ретінде тіркелген. (944 кандидат офлайн тіркелсе, 121 кандидат онлайн режимінде тіркелді.) Жалпы 1054  азаматтың 432 - әйелдер (41%), оның ішінде 18 көпбалалы аналар. 247-і - 35 жасқа дейінгі жастар (23,4%), сондай-ақ, 14 - қандас, 8 - ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бар.

Олег Чугунковтың айтуынша  318 адам партияның бастауыш ұйымдарынан, 736-сы өзін-өзі ұсынушылар. 

- Баспасөз мәслихатында филиал төрағасының бірінші орынбасары осы апта (31 тамыз - 6 қыркүйек аралығы) кандидаттарды үгітке даярлау яғни, олардың үгіт материалдары мен кездесулер кестелерін дайындауына арналған кезеңі екенін тілге тиек етіп, іріктеудің ең жауапты кезеңі үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйектен басталатындығын жеткізді,- деп қорытындылады Nur Otan партиясы ШҚОФ төрағасының  бірінші орынбасары.
Еске салар болсақ Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны "қайта жандандыру" мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр.
Следующая →
Тақырыптар: Nur Otan ШҚО 1054 кандидат