Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бесқарағайлықтар бәйге өткізіп, карантин талаптарын бұзды

Өткен демалыс күндері облыстағы полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзу бойынша бірнеше фактіні анықтады

Пандемияға байланысты елімізде енгізілген қатаң карантин шаралары біртіндеп жеңілдей түсті. Дегенмен бұл толықтай алынып тасталды деген сөз емес.

Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында әлі де тыйыла тұратын әрекеттер көп. Бірақ халық ескертуді елемей, карантин талаптарын бұзуды қояр емес. 

Облыстық Полиция де-партаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары рейд жүргізген болатын. Аягөз ауданындағы полиция қызметкерлері рейд барысында тойдың үстінен түскен. Тамылжыған тамыздың соңғы күндері шаңырақ көтерген жас отбасы Аягөз қаласындағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп той өткізіп жатқан. Ал шақырылған қонақтар өздері мейрамханаға артқы есіктен кіріп, көліктерін мейрамхананың артына немесе көрші аулаға апарып қаңтарып қойған екен. 

Бұндай тәртіп бұзушылық фактісі Бесқарағай ауданында да байқалды. Жергілікті тұрғындардың бірі бәйге ұйымдастырған. Оған қарақұрым халық жиналған. Ал бұл әрекет - облыстың бас санитар-дәрігерінің 16.08.2020 жылғы № 21 Қаулысын бұзу.
- Барлық тәртіп бұзушылықтар бойынша материалдар карантин талаптарын бұзғандарды әкімшілік жауапқа тарту үшін облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды, - дейді облыстық Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Следующая →