Өскемен тұрғыны қайырымдылық қорабынан ақша ұрлаған
Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде күдіктіні ұстады
25 тамызда Өскемен қоғамдық бірлестігінің төрағасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ол белгісіз біреудің қайырымдылық қорабынан ақша ұрлап кеткенін хабарлады. Көп ұзамай полиция "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 39 жастағы күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында ол өзінің жасаған ісін мойындады.
- Ұрлық фактісі бойынша ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Өскемен полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Следующая →
Тақырыптар:
Кража в Усть-Каменогорске Кража денег из благотворительного ящика УП Усть-Каменогорска ОПМ "Правопорядок"