Өскемен
облачно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +7°
$
488.45
-3.25
529.19
-2.09
¥
68.59
-0.31
5.04
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жеті жастағы баланың өліміне қатысы бар күдікті өз кінәсін мойындады

Кішкентай Эдуардты соңғы рет тірі көрген Зубовск ауылының тұрғыны ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар басқармасы 29 тамызда жоғалып кеткен Алтай ауданы Зубовск ауылының жеті жасар тұрғыны Эдуардтың өлі табылғанын растады.

ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың ата-анасы 30 тамызда балалары жоғалып кетті деп полицияға жүгінген. Ата-анасының айтуы бойынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға, велосипед тебуге шыққан, бірақ та біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң ғана ата-аналар полиция қызметкерлеріне шағымданған.
- Хабарламадан кейін бірден дабыл қағылып, баланы іздеуге бүкіл полиция құрамы, еріктілер, сондай-ақ ауылдың бей-жай қалмаған тұрғындары жұмылдырылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖБ. - Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде баланың өлі денесі Зубовск ауылының жанынан табылды. Тәнінде зорлықпен өлтіру белгісі бар. Мән-жайлар анықталып жатыр. 
Тәртіп сақшылары кішкентай баламен бірге соңғы рет көрген 20 жастағы Зубовск ауылының тұрғынын ұстады.

- Аталған факт бойынша "Кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары барысында күдікті өз кінәсін мойындап, Алтай полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ТЖД басшысы Сағат Мәдиев. 
Олар бір күн бойы баланы іздеді. Айналадағы таулардың арасынан тез тауып алу мүмкін емес еді. Кішкентай Эдик соңына дейін аман-есен табылады деп үміттенді... 
Следующая →