Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстанда 30 тамыздан бастап кей шектеулерді алып тастайды

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Марат Исмаилов 16 тамыздағы № 21 Қаулыға өзгерістер енгізді

Жаңа құжатқа сйкес, облыс аумағындағы қалааралық, ауданааралық автобустар мен пойыздар қатынасына рұқсат етіледі.

Тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгілерді қою) сақталған жағдайда:

1) қоғамдық тамақтану объектілері мен мейрамханалардың қызметіне үй-жайларда отыратын орындар саны 30 адамға дейінгі, ашық ауада ұжымдық іс-шараларсыз жұмыс режимін сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін шектей отырып;
2) медициналық орталықтар мен стоматологияға (жазылу бойынша);
3) дәріхана, азық-түлік дүкендері, бөлімдер (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендер мен сауда алаңы 2000 ш. м. дейінгі орталықтар;
4) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар), химтазалау, кір жуу орындары, халыққа өзге де қызметтер;
5) өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларына, техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сатуға, жөндеуге және басқаларға;
6) бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттеріне, ломбардтарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес қаржы нарығы субъектілеріне;
7) балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер (5 адамнан аспайтын топтар, алдын ала жазылу бойынша);
8) мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар);
9) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептер;
10) мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;
11) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;
12) моншалар (1 келушіге 4 ш. м., толымдылығы 50% - дан аспайтын жағдайда);
13) мәдениет объектілері (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар), кітапханалар, мұражайлар;
14) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген өзге де қызмет түрлері рұқсат етілсін.

Төменде аталған объектілердің қызметтері жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) рұқсат етілсін, ал демалыс (сенбі жексебі) және мерекелік күндері шектетілсін:

1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда алаңы 2000 ш. м. асатын сауда үйлері, желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары;
2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары;
3) сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер;
4) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері;
5) сауналар;
6) ашық ауадағы аттракциондар;
7) діни объектілер.

Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Следующая →