Алтайда "Водоканал" ММ-да істейтін оператор әйел құдыққа түсіп кеткен
Оқыс жағдай 29 тамыз күні "Казцинк" АҚ Алтай ТБК байыту фабрикасының тазарту құрылымы аумағында тексеріс жүргізу кезінде орын алған
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, тереңдігі алты-жеті метр құдықты тексеріп жүргенде келіншек сатыдан құлап кеткен. Қолын жарақаттап алған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қолын таңып тастаған. Сосын құтқарушылар құтқару арқаны арқылы оны құдықтан шығарып алды. Оператор әйел ауруханаға жеткізілді.
Следующая →
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қолын таңып тастаған. Сосын құтқарушылар құтқару арқаны арқылы оны құдықтан шығарып алды. Оператор әйел ауруханаға жеткізілді.