Өскеменде жыраға құлап түсіп, әрең тыныстап жатқан жылқы құтқарылды
29 тамыз күні құтқарушыларға хабарласқан жергілікті тұрғындар жырадан жылқыны шығаруға көмектесулерін сұрайды
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар арқанмен жылқыны шығаруға кірісті. Алайда жыра тар болғандықтан, оны кеңейту керек болды. 30 минут ішінде жылқы аман-есен шығарылды.
Следующая →
- Олар өздері жылқыны шығара алмай қойған. Түн кезінде орға арқамен құлаған жануар әрең тыныстап жатты. Ордың тереңдігі 1 жарым метрдей. Егер бір сағат кешіксе тым кеш болар еді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар арқанмен жылқыны шығаруға кірісті. Алайда жыра тар болғандықтан, оны кеңейту керек болды. 30 минут ішінде жылқы аман-есен шығарылды.