Өскемендегі Пограничный көшесін кеңейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Естеріңізге сала кетейік, көше кеңейтіліп, келесі жылы төрт жолақты болады деп жоспарлануда
Қазір Целинная көшесінен Понтон көпіріне дейін асфальт төсеу жұмыстары жүрып жатыр.
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, келесі жылы Н. Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігіндегі жұмыстарды аяқтау керек және болашақта Понтон көпірін төрт жолақа дейін кеңейту жоспары тұр.
Жұмыстарды өз көзімен көріп қайтқан қала басшысы жол үстінде тұрған темір контейнерлерді алып, шашылып жатқан қоқысты тазартуға пәрмен берді.
Понтон көпірінен Ахмер ауылына дейінгі жол жөн,деу жұмыстары да жанданып, жергілікті субмердігер ұйымдар жұмылдырылды. Тоғас жолына асфальт жаю жұмыстарын қалалық әкімдік қатаң қадағалауға алған.
Асфальт төсейтін жаңа жапондық көлік ескіге қарағанда жақсы. Жұмыс шапшаң бітуде. Әзірге битум жеткілікті.
Бұндағы көлік қозғалысы қазан айында ашылады деп жоспарлануда.
Следующая →