Өскемендегі станцияның жанынан өтіп бара жатқан адамдарға пышақ сатпақ болған азамат ұсталды
27 тамызда "Құқық тәртібі" жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қолдан жасалған пышақ сатпақ болған 39 жастағы азаматты ұстады
Еркек өтіп бара жатқан адамдарға пышақ сатып алу туралы ұсыныспен жақындаған. Тәртіп сақшылары оны ұстап, суық қаруды тәркіледі.
Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінде айтылғандай, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу фактісі бойынша азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Следующая →
Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінде айтылғандай, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу фактісі бойынша азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
- Суық қаруды заңсыз ұстап жүргені үшін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деді Өскемен-1 желілік полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Бауыржан Мықтыбаев.Сонымен қатар, тәртіп сақшылары үш күн ішінде теміржол станциясындағы жедел алдын алу іс-шаралы кезінде 65 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтағанын атап өтті.