Тарбағатайлықтардың атынан Президентке кім хат жазған?
Бұл әрекеттің артында қазба жұмыстарына кедергі келтіруді көздеген арам пиғылды адамдар тұрғаны ма?
Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған хат жарияланған. Хатта Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра елді мекенінің "Елеке сазы" қорғанындағы археологиялық жұмыс жайлы айтылып, екі жыл бұрын "Алтын адам" табылған жерде әлі күнге дейін адам сүйектері шашылып жатқаны, соның салдарынан ауылда әр түрлі тылсым оқиғалардың көбейіп кеткені жазылған.
Көкжыра ауылының тұрғындары Елеке сазындағы молалардың қайта көмілуін және қазба жұмыстарының дереу тоқтатылуын талап еткен еді. 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан археологиялық жұмыстардың, яғни, қабірдегі аруақтарды мазалағандықтан өңірде өлім-жітім көбейіп, оқыс жағдайлар жиілеп кеткенін алға тартқан.
Алайда жалпақ жұртқа танымал археолог-ғалымдар мен тарихшылардың пікірінше, бұл ақпарат еш негізсіз, демек, жаңсақ. Осыған орай олар қоғамда орын алған келеңсіз жағдайға өз пікірлерін білдіріп, желіде тараған қаңқу сөзге тоқтау айтты. Белгілі археолог Зейнолла Самашевтің пікірінше, ауылдағы келеңсіз әлеуметтік құбылыстардың негізгі себебін археологиялық қазба жұмыстарынан іздеу -
белгілі бір топтың өз арам ойын жүзеге асырудың құралы деп қарау керек.
Бағзыдан мұра болып қалған көне қорымдарды қазып, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу шариғатқа қайшы емес екенін дін өкілдері де түсіндірді.
Жалпы Елеке сазы қорғаны - біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасыр мен біздің заманымыздың сегізінші ғасырына дейінгі аралықта үздіксіз даму байланысының болғанын паш етеді. Бұл сөзімізге археологиялық қазба нәтижесінде табылған асыл мұралар айқын дәлел. Олар ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырда-ақ жоғары деңгейдегі өркениет қалыптастырғанынан хабар береді. Жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілердің айрықша ықыласына бөленген Елеке сазынан 2018 жылы "Алтын адам" табылған болса, 2019 жылы мүйізі алтын сымнан өрілген бұғының бейнесі және алтыннан құйылған арқар мүсіндері мен ұсақ моншақтар табылған еді.
Бұл мәселеге байланысты аудан әкімі мен жауапты сала өкілдері ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, жағдайды түсіндірді. Ең қызығы, аталған хаттың соңында аты-жөндері жазылып жүрген ауыл тұрғындары болса, ешқандай қағазға қол қоймағанын, бұл туралы мүлдем бейхабар екенін айтып таңғалып отыр.
Көкейдегі сауалдарына толық жауап алған жұртшылық өздерінің сыртынан қол қойған адамдардың әрекетін қатаң сынға алып, ыңғайсыздық үшін кешірім өтінді.
"Кұрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылының “Елеке сазындағы” археологиялық жұмыстарды тоқтату туралы Сіздің атыңызға жазған ашық хатта эмоцияға беріліп, асығыстықпен пікір білдіргенімізді айтқым келеді.
10 тамызда Көкжыра ауылы тұрғындарының талабына байланысты жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты түсіндіру жүргізілгеннен кейін ашық хатта көрсетілген кейбір мәселелердің негізсіз екенін және Елеке сазындағы археологиялық қазба жұмыстарының ел тарихы үшін маңыздылығы жоғары екендігін түсіндік.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының "Рухани жаңғыру" бағдарламасына байланысты мемлекеттік саясатқа ешқандай наразылығы жоқ”, - деп жазды Айгүл Иманғалиева есімді Facebook желісінің қолданушысы. Парақшасын ақтарып көрсек, осыдан басқа жазбасы жоқ екен. "Бұл қалай?" деп ойланып қалдық...
Соған қарағанда бұл әрекеттің артында халықтың атын пайдаланып "Елеке сазындағы" қазба жұмыстарына кедергі келтіруді көздеген арам пиғылды адамдар тұрғаны ма деген ой келеді. Сондықтан аудан басшылығы тұрғындарға ел ішінде тарап кеткен жалған қауесетке еріп, арандап қалмау қажеттігін ескертті.
Следующая →

Ғалымдар не дейді?

- Қазба жұмыстары жүргізілген нысандарда ешқашан адамның, малдың сүйектері шашылмайды, керісінше, талдап, жиналып алынады. Себебі тарихи зерттеулердегі аса құнды дереккөз болып табылатын материалдарды арнайы мамандар - антропологтар, палеогенетиктер және палеозоологтар зерттейді. Мәскеуден келген адамдар - осы қатардағы мамандар. Нысандардың барлығы қайтадан жабылады, аса құнды ескерткіштер аспан астындағы музейлерге айналады, олардың жобалары жасалуда, - дейді ғалым.Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері Айдын Жүнісхановтың айтуынша, 4-5 жыл бұрын "Елеке сазы" қорымындағы тарихи жәдігерлердің қолды болғаны бойынша бірнеше факті тіркелген. Ол кезде қорымды зерттеу ісі қолға алынбаған болатын. Артынша бұл іске Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов араласып, қорым қорғауға алынып, қазба жұмысы басталып, ұры-қарының суыт жүрісі сап тыйылған.
- 2015-2016 жылдары "Елеке Сазы" жазығындағы диаметрі 120 м, биіктігі 5 м болатын, қорымдағы ең үлкен патшалы обаны арнайы техниканың көмегімен тонап, сақ мәдениетінің жарқын өнер туындыларын қара нарыққа шығару фактісі тіркелді. Артынша археологтар дабыл қағып, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен 2018 жылы "Елеке сазы" қорғанындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу ісі қолға алынды, - дейді Айдын Жүнісханов.Ғалымның айтуынша, егер бұлай болмағанда "Елеке сазындағы" тарихи-мәдени мұра әрі қарай да тоналып, "Алтын адам" деп танылған жәдігеріміз өнер жауһарының қатарына қосылып, музейлер төрінен орын алмас еді.
Зерттеу жұмыстары шариғатқа қайшы емес
Бағзыдан мұра болып қалған көне қорымдарды қазып, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу шариғатқа қайшы емес екенін дін өкілдері де түсіндірді.
- Жалпы, ежелгі тарихи орындарда археологиялық жұмыстар бұрыннан жүргізіліп келеді. Оның өзіндік жөн-жосығы, тәртібі болады. Дін бұған қарсы емес. Ал енді қабірді қазып, мәйітті қорлайтын болса, әңгіме бөлек, ондайға жол берілмейді, - дейді ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Асқар Мұқанов.Археолог Зейнолла Самашевтің айтуынша, қазба жұмыстары барлық тәртіпке сай өткізіледі.
- Қазба жұмыстарын бастар алдында, міндеті түрде, құрбандық шалынып, құран бағышталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, нысаналардың барлығы қайтадан жабылады. Аса құнды ескерткіштер, аспан астындағы музейлерге айналады, олардың жобалары жасалуда, - дейді ол.
Елеке сазы - ғажайып өркениетке куә
Жалпы Елеке сазы қорғаны - біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасыр мен біздің заманымыздың сегізінші ғасырына дейінгі аралықта үздіксіз даму байланысының болғанын паш етеді. Бұл сөзімізге археологиялық қазба нәтижесінде табылған асыл мұралар айқын дәлел. Олар ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырда-ақ жоғары деңгейдегі өркениет қалыптастырғанынан хабар береді. Жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілердің айрықша ықыласына бөленген Елеке сазынан 2018 жылы "Алтын адам" табылған болса, 2019 жылы мүйізі алтын сымнан өрілген бұғының бейнесі және алтыннан құйылған арқар мүсіндері мен ұсақ моншақтар табылған еді.
- Археологиялық қазба жұмыстары екі мың жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан адамзат қоғамындағы тарихи қажеттіліктерден туған шаралардың бірі, - деді тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев. - Себебі кез келген халық өзінің даму деңгейінің бір тарихи кезеңіне жеткенде, өзінің қашан, қайдан шыққанын, ата-бабаларының кім екенін, олардың қандай мәдени құндылықтар жасағанын, басқа өркениеттерден өздерінің ерекшеліктерін, болмысын тануға ұмтылады. Біздің мыңдаған жылдық тарихымыздың, яғни, көне және ортағасырлық кезеңдері туралы ғылыми деректерді тек қана археология ғылымы бере алады. Сондықтан да біз көне және ортағасырлық тарихымызды қалпына келтіру үшін қазақ даласының барлық түпкірлерінде зерттеулер жүргізуге тиістіміз.
Тұрғындар аң-таң